Мектеп туралы
Мектеп ғимараты үш қабатты. Мектеп сыйымдылығы 600 орындық, Мектеп 2025 жылы 15 желтоқсанда пайдалануға беріліп, шамамен 800 білім алушы оқумен қамтылады. Келешек мектеп 5 күндік жұмыс жасайды, сағат 08:00 -бастап 19:00 сағатқа дейін. Білім алушылар мектепте мемлекеттік тілде білім алада.
Мектепте қабылдау бөлмесі, оқу кабинеттері, ойын бөлмесі, ұлдар мен қыздар шеберханасы, мұғалімдерге арналған әдістемелік кабинеттер, екі спорт зал бөлмесі, асхана, медицина бөлмесі бар. Материалдық-техникалық базасы №70 бұйрыққа сай жабдықталған. Жылу жүйесі 2 пеш арқылы газбен жылытылады. Су, электр, жұйесі орталықтандырылған. Мектепте өрт, дабыл қондырғылары және бейне бақылау камераларымен жабдықталған. Сонымен қатар медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, дәрігер бөлмесі бар. Санитарлық қағидаларға сәйкес құрал - сайман жабдықтарымен жабдықталған.